Атырауда республикалық маңызы бар автожолдар жабылды

Бұл туралы AtyrauPress сайты облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

7 ақпан күні сағат 15:30-дан бастап «ҚазАвтоЖол» АҚ деректері бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (қар, көктайғақ) республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының жабылды. Республикалық маңызы бар А-33 "Доссор-Бейнеу-Ақтау" 0 км-210 км аралығында (Доссор поселкесінен Маңғыстау облысының шекарасына дейін) қоғамдық көліктер үшін жол жабық. Сонымен қатар, республикалық маңызы бар А-27 «Ақтөбе-Атырау–Астрахань» 330 км-512км, 512км-598 км аралығында (Атырау қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) қоғамдық көліктер үшін жол жабылды. Осы ретте төтеншеліктер Атырау тұрғындарын алыс жолға шықпауға және 112 қызметі жіберетін СМС хабарламаларды ескеруге шақырады. Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы