Атырауда республикалық сенбілік акциясы өтеді

21 қазан күні сағат 10.00-де Республика күніне орай "Аламан" базары мен "Ноғай" мұсылман зираты маңында «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» республикалық экологиялық сенбілік акциясы өтеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Осындай шаралар тұрғындардың назарын қоршаған ортаның ластану мәселелеріне, өңіріміздің табиғатын сақтаудың маңыздылығына және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына аударуға мүмкіндік беред" делінген хабарламада.

Акцияға мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, үкіметтік емес ұйымдар, еріктілер қатысады. Қосымша ақпарат үшін  8(775)202 44 61 байланыс нөміріне байланысуға болады.