Атырауда Республика күніне орай отшашу болады

Атырауда Республика күніне орай гала концерт өтіп, отшашу болады, деп хабарлайды AtyrauPress.

 25 қазан - Республика күніне орай Бейбарыс алаңында гала концерт өтеді. Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен шара 25 қазан күні сағат 19:00 дебасталады.

Айтулы кештің қонақтары: Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек, Айдана Меденова, Серік Ибрагимов және «Орда» тобы.

Концертте жергілікті өнерпаздар да өнер көрсетеді.

Ал шара соңында мерекелік отшашу болады.

Келіңіздер, көріңіздер!