Атырауда рейд жүріп жатыр: 134 тұрғын анықталып үлгерді

"Борышкер" іс-шарасы аясында айыппұл төлемеген 134 атыраулықтан 2 миллионнан астам қаражат өндірілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау қаласы аумағында 30 мамыр мен 18 маусым күндері аралығында айыппұлдарды өз еркімен төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды анықтау мақсатында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Атырау қалалық полиция басқармасының учаскелік полиция қызметкерлері айыппұлдарын төлеуден жалтарып жүрген 134 тұрғындарды анықтап, олардан жалпы 2 072 189 қаражат көлемінде айыппұл өндірілді.

Өз кезегінде, Атырау қаласы полиция басқармасы өз айыппұлдарын келесі тәсілдермен тексеруге және төлеуге болатынын хабарлады.

"Электрондық үкімет порталының көмегімен онлайн режимінде "egov.kz". Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде, сондай-ақ мобильді қосымшаларда интернет-сайттар арқылы онлайн-төлем жасау qamqor.gov.kz, Kaspi.KZ, egov.kz. айыппұлдарды интернет-сайт арқылы тексерген кезде Сіз "өз айыппұлдарың туралы біл" бетбелгісіне кіресіз, одан кейін өзіңіздің ЖСН-ін енгізіңіз және фото-бейнетіркеу жүйелерімен тіркелген бұзушылықтар болған жағдайда, сол жерде осы бұзушылықтардың фотосуреттерін басып шығаруға болады" дейді полицейлер.

Осы ретте, Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтар назарына, әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бермеуге, ал егер құқық бұзушылыққа жол берілген жағдайда, айыппұлды уақытында төлеу керектігі ескертіледі.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ