04 Маусым, 2022 279

Атырауда референдумға 396 мың 923 азамат қатыса алады

 Атырауда референдумға  396 мың 923 азамат қатыса алады

Атырауда 9 аумақтық, 261 учаскелік референдум комиссиялары, оларда барлығы 1968 комиссия мүшесі бар деп хабарлайды ATPress.kz.

Олардың 11-і - жабық учаскелер.
Облыста республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 396923 азамат тіркелген.
Біркелкі нысанда азаматтарға хабарландырулар жасалып, олардың мекенжайларына таратылды.  Сонымен қатар, дауыс беру орны мен уақыты туралы ақпараттар және азаматтардың өз учаскелерін іздеу жөніндегі қызметтер комиссиялардың atyrau.gov.kz интернет-бетшесінде орналастырылған.
Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тіркелген учаскелерден өздері туралы мәліметтермен таныса алады. Комиссиялар тізімдегі қателіктер мен жаңсақтықтарды түзету бойынша өтініштерді қабылдауға дайын және қажет болған жағдайда, азаматтар тізімдеріне өзгерістерді енгізеді.
Айта кетейік, бүгін, яғни 5 маусым күні таңғы сағат 7.00-де жалпыхалықтық референдум басталады.