Атыраулықтар АЭС бойынша өтіп жатқан референдумға белсене қатысып, өз дауыстарын беріп жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Айта кетейік, облыста 274 референдум учаскелері бар, олардың 11-і азаматтардың уақытша болу орындарында құрылған (9 емдеу мекемелері, 1 тергеу изоляторы, 1 әскери бөлімше). Атырау облысында республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 411880 азамат тіркелген.
Дауыс беру кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады.