Оның 12-і — жасөспірім. Бұл төтенше жағдайлар департаменті құтқарушыларының су айдындарында профилактикалық іс-шаралар жүргізген кезде анықталды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Құтқарушылар қауіпсіздік рейдтін жүргізген кезде суға шомылған балалар немесе балық аулағандар көп кездестті. Кейін баласын су айдынында қараусыз қалдырғаны үшін ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзу» туралы 412 бабымен 12 ата-анаға балаларын су айдындарында қараусыз қалдырғаны үшін хаттама толтырылды.
Атырау қаласының ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау капитаны Асыланбек Құмардың айтуынша, жазатайым оқиғаның алдын алу үшін қыркүйекке дейін Жайық өзені бойына патрульдік жұмыстар жалғасады.
"Бүгінгі дейін 51 адамға айыпұл салынып, оның ішінде 12-і жасөспірімнің ата-анасына хаттама толтырлды. Жыл басынан бері Атырау облысы аумағында 9 адам құтқарылды.Су бетінде 3 қайық, 7 қызметкер және 100-ден аса жаяу әскер Жайық жағасында кезекшілік қызмет атқарады. Шомылу маусымы ашылмаса да рұқсатсыз етілмеген жерде суған түскен 10 адам қаза болды, оның ішінде 5 бала",-деді А.Құмар