12 Қазан, 2022 208

Атырауда қысқа мерзімді оқуды аяқтағандар үшін "бос жұмыс орындары" жәрмеңкесі ұйымдастырылды

 Атырауда қысқа мерзімді оқуды аяқтағандар үшін «бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік Коммуникациялар қызметі.

- Өздеріңізге белгілі, жыл басынан бері "Теңізшевройл" компаниясының қаржыландыруымен жұмыссыз азаматтарды лек-легімен оқытып жатырмыз. Оларды жұмыспен қамту шараларын да қатар жүргізудеміз. Соның бірі – "бос жұмыс орындары" жәрмеңкесі болып табылады. Осы жәрмеңкеге оқуды аяқтаған 200 азамат арнайы шақыртылып, 14 ірі кәсіпорын өкілдері қатысты. Мұндай іс-шаралар әлі же жалғасын табады. Жұмыссыз азаматтардың түйіндемелерін қабылдаған кәсіпорындармен байланыста боламыз, деді Е.Әбілқасымов.


Бөлім басшысының айтуынша, биыл "ТШО" компаниясының қолдауымен 1000 адамды жұмысшы мамандықтары бойынша оқыту жоспарланған. Қазір оқыту іс-шарасы жоспар бойынша жалғасуда.


Айта кетейік, әр оқытылған қысқа мерзімді курстан соң азаматтардың 70-80 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.