Атырауда қылмыстың ізін суытпай ашуға көмектескен 30 жастағы қала тұрғыны марапатталды, деп хабарлайды ATPress.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аталған азамат 6 маусым күні Сәтпаев көшесіндегі арты адам қазасымен аяқталған төбелес бойынша полиция қызметкерлерін дер кезінде шақыртқан.
«Атырау қаласы полиция басқармасының алаңында басқарма бастығы, полиция полковнигі Құттыбай Садықов орын алған аса ауыр қылмысты ашуда өз қызметтік міндеттерін адал атқарған учаскелік полиция инспекторлары - полиция капитаны Бауыржан Калуов пен полиция капитаны Альбек Миралиев қылмыстың жолын кесуге және қылмыскерді ізін суытпай ұстауға белсенді көмек көрсеткен Нұрсұлтан Ережеповті басқарма бастығының алғыс хатымен марапаттады» делінген департаменттің хабарламасында.