Еліміздің әр өңіріндегі құрбандыққа шалынатын қойдың орташа бағасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұсынылған бағаға сәйкес елімізде ең қымбат қой Алматыда, ал ең арзаны Таразда сатылады.
-Нұр-Сұлтан – 45-55 мың теңге;
-Алматы – 75-85 мың теңге;
-Шымкент – 50-60 мың теңге;
-Семей– 50-60 мың теңге;
-Көкшетау – 50-60 мың теңге;
-Ақтөбе – 50-60 мың теңге;
-Атырау – 60-90 мың теңге;
-Орал – 70-80 мың теңге;
-Тараз – 30-40 мың теңге;
-Талдықорған – 35-45 мың теңге;
-Қарағанды – 50-80 мың теңге;
-Қостанай – 60-70 мың теңге;
-Қызылорда – 55-65 мың теңге;
-Ақтау – 50-85 мың теңге;
-Павлодар – 55-65 мың теңге;
-Түркістан – 50-60 мың теңге;
-Жезқазған – 45-80 мың теңге;
-Өскемен – 55-65 мың теңге;
-Петропавл – 40-50 мың теңге;
-Қонаев - 45-50 мың теңге.
Айта кетейік, Құрбан айт мерекесі ертең басталып, 11 шілдеге дейін жалғасады. Қазақстандықтар Qurban2022.kz сайты арқылы өтінім бере отырып, онлайн режимде де құрбандық шала алады. Сондай-ақ, еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сақтық шарасы мақсатында құрбандыққа ветеринарлық анықтамасы бар малды ғана союды ұсынады.