Атыраудағы «Иманғали» орталық мешітінде төрт жарым мыңға жуық отбасыға құрбандық еті таратылды, деп хабарлайды орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.
Көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында биыл да құрбан шалуды офлайн және онлайн жүзеге асырып жатыр.
Құрбан айттың бірінші күнінде Иманғали орталық мешітінде 2595, екінші күні 1900 отбасына ет таратылды. Оның ішінде, Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 101 қой, 2 ешкі, 4 сиыр құрбандыққа шалынды.
Екінші күні 856 қой, 17 ешкі, 22 сиыр, 1 түйе құрбандыққа сойылды. Жалпы, облыс мешіттері арқылы Құрбан айттың екі күнінде 957 қой, 19 ешкі, 26 сиыр, 1 түйе құрбандыққа шалынып, еттері мұқтаж шаңырақтарға таратылды.
Сонымен қатар, айт мерекесінің құрметіне облыс бойынша 11 мың 250 балаға айт сыйлықтары үлестірілді.