АТЫРАУДА ҚҰРБАН АЙТТА ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛАТЫН ЖЕРЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

Атырауда құрбандық шалынатын орындар анықталды, деп хабардайды қпла әкімінің баспасөз қызметі.

9-11 шілде күндері бүкіл мұсылман әлемі Құрбан айт мерекесін қарсы алады. Сондықтан бұл күндері құрбандыққа шалынатын ұсақ мал сатылатын орындар белгіленген. Нақтырақ айтсақ, «Атырау-Доссор» тас жолы бойындағы «Шығыс» базары, «Северная Промзона» 49 мекен жайындағы «Асыл-агро» базары және Кеңөзек ауылдық округі «Береке» шағын маркетіне қарама-қарсы аумақта сатылады. Сонымен қатар, қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін бес мал сою орындары жұмыс істейді. Олар «Северная Промзона» 49 мекен жайындағы «Асыл-агро» мал сою кешені, «Тума» мал базары, «Северная Промзона» 129 «АБКА» ЖШС мал сою пункті, Береке ауылындағы «Гайсин У.Т.» ЖК мал сою орны мен «Виктори Групп Атырау» ЖШС мал сою орны.