22 Маусым, 2022 283

Атырауда құжатты үйге жеткізу сервисі іске қосылады

 Атырауда құжатты үйге жеткізу сервисі іске қосылады

Дайын құжаттарды жеткізу сервисі енді Атырау қаласында қолжетімді, деп хабарлайды ATPress.kz.

Бұған дейін бұл қызметті тек Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент тұрғындары пайдалана алатын.

Өткен жылдан бері Қазақстан бойынша 8 мыңнан астам құжат клиенттердің үйіне дейін жеткізілді. Құжаттар тізімі үнемі жаңарып отырады және қазір 144 мемлекеттік қызмет бойынша тапсырыс беруге болады.

Сервисті пайдалану үшін:

Құжаты дайын болғанда клиент веб-парақшаға дербес сілтемесі бар SMS-хабарлама алады.
Сілтеме бойынша өтіп, жеткізу мекенжайы туралы деректерді толтыру қажет.

Құжатыңыз 1 жұмыс күні ішінде үйіңізге жетеді, қызмет құны – 970 теңге. Сервис қала шегінде ғана қолжетімді.