Атырауда қонақүй өртеніп жатыр... (+ВИДЕО)

Бүгін, яғни, 23 қыркүйек сағат 14:58 шамасында Атырау қаласының орталығында өрт орын алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен білгеніміздей, тілсіз жау «Zodiac Hotel Atyrau» қонақ үйінде тұтанған екен. Атап айтқанда, Абай көшесі, №2 мекен-жайында орналасқан үш қабатты ғимараттан түтін шығып жатқаны жөнінде шақырту түскен. Өрт сөндіруге аталған департаменттен 14 қызметкер мен үш техника жұмылдырылды.