Атырау қаласы аумағында жыл басынан бері қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 700-ден астам адам анықталып, барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оның ішінде 100-ге жуық адам осы құқық бұзушылықты қайталап жасағаны да анықталды.
Мәселен, 09 шілде күні №26 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары аумақты аралау барысында көп қабатты үйлердің бірінің дәлізінде адамның қадір-қасиетін қорлайтын мас күйде жүрген 35 жастағы және 50 жастағы екі азаматты анықтаған. Екі азамат
ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабымен (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Айта кетейік, мұндай құқықбұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бірінші рет 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл, ал бір жыл ішінде қайталап жасалған бұзушылық үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе бес тәулікке қамау көзделген.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.