Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті хабарлады.
Оқиға 20 қазан сағат 13:00 шамасында Еркінқала-2 поселкесі, 40-шы көше мен 5-ші көше қиылысында болған.
Атырау облысы полиция департаменті:
"Skoda маркалы автокөлік құралы 5-ші көшемен екінші дәрежелі жолдан шығып, басты жол 40-шы көшемен келе жатқан Yutong маркалы қоғамдық автокөлікке жол бермей соқтығысқан. Соққы екпінімен автобус сол жерде орналасқан үй қоршауына соғылған. ЖКО салдарынан 1966 ж.т Skoda маркалы автокөлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда".