Атырауда орталық көпірдің жабылуына байланысты көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды ATPress.kz. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі шаһардағы қоғамдық көлік қозғалысының уақытша өзгеретінін мәлімдеді. Атап айтқанда, № 3,4,7,12,14,15,20,21 бағыттар бойынша қозғалыс реті мынадай: «Абай» аялдамасынан «Пушкин» көшесінің бойымен «Бейбарыс» даңғылының бойындағы көпір арқылы, № 1 бағыт «Абай» аялдамасынан «Молдағұлова» көшесінің бойымен «Бейбарыс» даңғылының бойындағы көпір арқылы қозғалады. Ал, №30 бағыттағы маршруттық автобустың қозғалысы «Жеңіс саябағынан»-«Авангард-Жилгородок» көпірі арқылы «Ақжайық» айналма жолына дейін жүзеге асырылады. Қалған бағыттағы қоғамдық көліктер өзгеріссіз қалады. №3 маршрут «Аламан базары-Атырау м.а.-Дина базары» №4 маршрут «Нурсая м.а.- Дина базары» №7 маршрут «Лесхоз-Авангард м.а.-Химпоселок-Темір жол вокзалы» №12 маршрут «Авангард м.а.-Балыкшы» №14 маршрут «Авангард м.а.-Темір жол вокзалы» №15 маршрут «Саркамыс м.а.-Темір жол вокзалы-Береке м.а.» №20 маршрут «Аламан базары-Атырау м.а.-Балыкшы» №21 маршрут «СМП-163 –Жерұйық м.а.» №30 маршрут «Жеңіс саябағы-Тұрғын үй қалашығы».