Облыстық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары болып Сағындықов Ғани Жайшылықұлы тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы аталған мекеменің баспасөз қызметі мәлім етті.
Айта кетейік, Ғани Жайшылықұлы 1983 жылы 9 тамызда Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қаракөл селосында дүниеге келген. 2004-2008 жылдары Алматы қаласындағы Халықаралық мамандықтар институтында «Оқытушы-әлеуметтанушы» мамандығы бойынша білім алды.
Алғашқы еңбек жолын 2009-2011 жылдары "Қазақстан" РТРК АҚ Атырау облыстық филиалында телеоператор боп бастаған ол кейін 2011-2019 жылдар аралығында республикалық 31-арна "Информбюро" жаңалықтар бөлімі Атырау облыстық аймақтық қосынының монтаждаушы-операторы боп жалғастырды.
2018-2019 жылдары – «Caspian news» телеарнасында аға оператор. 2019-2021 жылдары – «ТДК-42» телеарнасының Атырау аймақтық жаңалықтар бөлімінің басшысы. 2021-2022 жылдары «Қазақстан» РТРК АҚ Атырау облыстық филиалында аға режиссер.
Ал, 2022 жылдан 2023 жылға дейін «Атырау облысы әкімі аппаратының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ Бейнетүсірілім және графикалық дизайн бөлімінің басшысы қызметін атқарды.