Атырау қаласында алғаш рет қазақ күресінен ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жарысқа еліміздің барлық облысынан 363 спортшы қатысты. Бәсекеде ерлер арасында 55-100 келі және одан жоғары, ал әйелдер арасында 48-77 келі және одан жоғары салмақ дәрежесінде өзара мықтылар анықталды.
- Қараша айының 4-6 аралығы Астана қаласында өтетін үздіктердің үздігі жарысы өтеді. Сол жарыста әр салмақ бойынша рейтингте сегіздікке кірген балуандар белдеседі. Сол жерде жеңімпаз болғандар Әлем чемионатына жолдама алады, деді қазақ күресінен аға жаттықтырушы Айбек Серғазиев.
Облыстан аталған сегіздікке кірген балуандар: Бекет Жүніс 55кг, Жәнібек Телман 60кг, Бекарыс Мұратұлы 66кг, Нұрболат Ізімғалиев 74кг, Әділет Құлшым 74кг, Сағат Ғазимов 90кг, Руслан Ізғалиев 100кг, Сұңғат Закарияев 100 кг.
Ал, тартысты додада әйелдер облысқа 1 алтын, 2 қолаға медаль әкелді. Олар 48 келі салмақта Айгерім Төреғажина 1 орын, осы салмақта Хамария Амирғалиева 2 орын, 77 ккеліден жоғары салмақта Эльмира Самиғоллаева 2 орын.