14 Қазан, 2022 857

Атырауда қайтыс болған жүкті әйелдің туыстары дәрігерлермен соттаспақ

 Атырауда қайтыс болған жүкті әйелдің туыстары дәрігерлермен соттаспақ

Бұл туралы AtyrauPress «Ақ Жайық» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

12 қазан күні Атырау облыстық ауруханасында 33 жастағы жүкті әйелдің қайтыс болғаны туралы хабарланған еді. Марқұмның туыстары әйелді жерлеп болған соң дәрігерлермен соттасатынын айтты.  

- Алғашқы күні ол өзі ас іше алатын. Бірақ келесі күні сөйлей алмай қалды. Оның телефоны өшірулі болды. Ол ауруханада қараусыз қалды. Тек таныстары телефон соққан соң ғана оны жансақтау бөліміне алып кетті. Біздің келінімізді олар өлтірді! – деп мәлімдеді марқұмның туыстары.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қазан күні  екі жүкті әйел қайтыс  болды.  Оның алғашқысы облыстық ауруханада, екіншісі Мақат аудандық ауруханасында тіркелді. Мақат ауданының 33 жасар тұрғыны жүктілігінің 17 аптасында қайтыс болды.