Атырауда қауіпті жүргізуші ұсталды (+ВИДЕО)

Атырауда жол бойында апаттық жағдай туғызған азаматтар жауапқа тартылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

БЕЙНЕЖАЗБА ОСЫНДА!

Атырау қаласының Жедел басқару орталығының қызметкерлері қызмет барысында бейнебақылау камерасымен маркасы Mercedes, Hyundai, Toyota автокөліктерінің жолдың қақ ортасында қарсы қозғалыс жолағына шығып, өзге көліктерге кедергі келтіріп бара жатқан бейнежазбасын анықтады. Орын алған құқық бұзушылықты жасаған жүргізушілерді табу мақсатында тәртіп сақшылары жедел түрде патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама беріп, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді.

 Аталған факті бойынша патрульдік полиция қызметкерлері бағыттама бойынша құқық бұзған автокөлік иелерін ұстап, жүргізушілердің көліктер легінде белгіленген қауіпсіздік талаптарын бұзғанын, басып озу маневрін жасағанын, соның салдарынан авариялық жағдай туғызғанын анықтады. Нәтижесінде Hyundai автокөлігінің жүргізуші мен жолаушыларына қатысты.

ҚР ӘҚБтК-нің 606 бабының 1 бөлігіне сәйкес ( Жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, яғни жол жүрiсiне басқа да қатысушыларды жүру жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп, жол жүрiсi қағидаларын бұзуы), ҚР ӘҚБтК-нің 593 бабының 2 бөлігімен (Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау), ҚР ӘҚБтК-нің 595 бабы 1 бөлігімен (Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамау) және ҚР ӘҚБтК-нің 615 бабының 1 бөлігімен ( Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы) әкімшілік хаттама жасақталып, жауапқа тартылды.

 Сондай-ақ, құқық бұзған Toyota автокөлігінің жүргізуші мен жолаушыларына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 230 бабының 2 бөлігімен (Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы), ҚР ӘҚБтК-нің 606 бабы 1 бөлігімен (Жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, яғни жол жүрiсiне басқа да қатысушыларды жүру жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп, жол жүрiсi қағидаларын бұзуы), ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабы 1 бөлігі бойынша (Жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты өзімен бірге болған жағдайда, Қазақстан Республикасында берілгендерін қоспағанда, өзімен бірге басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігі немесе жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігі; Қазақстан Республикасында берілгендерін қоспағанда, көлік құралына тіркеу құжаттары; көлік құралына заңнамада белгiленген өзге де құжаттары жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы) және ҚР ӘҚБтК-нің 593 бабының 2 бөлігімен (Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау) жауапқа тартылды.

Бұған қоса, тәртіп сақшылары Mercedes автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595 бабының 1 бөлігімен ( Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамау), ҚР ӘҚБтК-нің 606 бабының 1 бөлігіне сәйкес ( Жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, яғни жол жүрiсiне басқа да қатысушыларды жүру жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп, жол жүрiсi қағидаларын бұзуы) және ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабының 9 бөлігі бойынша ( Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару) хаттама жасақталып, жауапкершілікке тартылды.