Апат салдарынан жарақат алғандар жоқ, деп хабарлайды ATPress.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"4 маусым күні сағат 20.00 шамасында қатты жел салдарынан Атырау облыстық перинаталдық орталықтың шатырын ұшырып әкетті. Нақтылап айтқанда, бес қатарлы «Б» корпусының 500 шаршы метрі желдің салдарынан ұшып кеткен. Екі қызметкердің көлігі шатыр астында қалған. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс жасауда" делінген хабарламада.
Ескерте кетейік, биыл Атырау облыстық перинаталдық орталығы күрделі жөндеуден өтеді. Қазіргі уақытта алғашқы жұмыстары басталды.