Атырауда қатты желден 2 мектептің шатыры ұшты

Атырауда қатты желден 2 бірдей білім ордасының шатыры ұшты, деп хабарлайды ATPress.kz.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"27 шілде күні ауа райының қолайсыздығынан 2 білім ордасының шатыры ұшты 18:09 сағат Ақжар поселкесі, №26 С.Датов атындағы орта мектебі ғимаратының жалпы ауданы 3834 шаршы метрді құрайтын төбе жабындысың қатты екпінді жаңбырлы желдің салдарынан ауданы 2500 шаршы метр болатын бөлігі ұшқан. 2 қабаттан тұратын мектеп ғимараты 1991 жылы салынған және 2016 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Аталған шақырту орнынан Атырау облысы ТЖД құтқарушылары шатыр қаңылтырының құлайын деп тұрған бөлігін алып тастау жұмыстарын жүргізді. Зардап шеккендер жоқ,- дейді басқарма басшылығы.

 Авариялық-құтқару жұмыстарына жедел құтқару жасағының 4 қызметкері, 1 бірлік техникасы жұмылдырылған. Екінші жағдай Талғайран ауылында тіркелді.

  "Кешкі сағат 20:03 шамасында Талқайран ауылы, К.Есмуханов көшесі №40 “ж” мекен-жайында орналасқан жалпы ауданы 2081 шаршы метрді құрайтын Талқайран негізгі мектебі ғимаратының төбе жабындысы қатты екпінді жаңбырлы желдің салдарынан ауданы 1600 шаршы метр болатын бөлігі ұшқан. Атырау облысы ТЖД құтқарушыларышатыр қаңылтырының құлайын деп тұрған бөлігін алып тастау жұмыстарын жүргізді. Зардап шеккендер жоқ. Сондай ақ, қала ішінде 7 жеке тұрғын үйдің (М.Бекмагамбетов көшесі, М.Мусин көшесі, Амангалиев көшесі, Қоскелдиев көшесі, Тоқсанбаев көшесі, Ж.Досқалиев көшесі ) шатыры ұшқандығы анықталды. Барлық орын алған оқиғаларда зардап шеккендер болған жоқ" делінген хабарламада.