27 Шілде, 2022 995

Атырауда қатты жел мектеп шатырын ұшырып әкетті

 Атырауда қатты жел мектеп шатырын ұшырып әкетті

Атырауда қатты жел салдарынан мектеп шатыры құлады, деп хабарлайды ATPress.kz.

Бұл туралы Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

 "27-шілде күні өңірде қатты жел соғып, С.Датов атындағы N26 орта мектеп шатырын ұшырып әкетті. Жағдай облыс басшылығының қатаң бақылауында тұр. Бастысы, адам шығыны жоқ, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, мектеп 1992 жылы салынған.