Атырауда қамыс өрті әуеден су шашу арқылы өшіріліп жатыр

Бұл туралы Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бүгін таңғы 7 сағат 30 минутта МИ-8 тікұшағы барлау жұмыстарын жүргізіп, аумағы 20х20 шаршы метрді құратын өрттің екі ошағын анықтады. Сонымен қатар,  100 метр  көлемінде қамыстың бықсып жатқанын анықтады. Қазіргі уақытта әуеден сөндіру жумыстарын жүргізіліп жатыр.  Елді мекенге қауіп жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қыркүйек күні сағат 08:57 шамасында  Атырау қаласы, Кеңөзек ауылы, Каспий теңізінің жағалауындағы Тасқала ауылынан 40 шақырым жерде және «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи қорығы аумағында шамамен 60 га  аумақта қамыс өсімдіктері (қамыс) өрті тіркелді.  Жердің батпақты болуына баланысты өрт аумағына өрт сөндіру техникалары өте алмады. Соған байланысты өртті сөндіру қиынға соқты.

Онда төтенше жағдайлар департаментінің 20 қызметкері мен 2 бірлік техникасы және "Ақ Жайық" МТР 5 жұмысшы мен 2 техникасы жұмылдырылған.

Өкінішке қарай, тілсіз жау ошағына ошағына жетуге болатын жолдарды іздестіру кезінде батпаққа батқан «TREKOL» автокөлігі сол жерде толық жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ.