Атырауда қала маңына қатынайтын 5 бағыттағы автобус жолға шықпады

Бүгін №№ 50, 54, 55, 58, 64 бағыттағы автобустар жолға шықпады. Бұл туралы AtyrauPress сайты «Смарт-Атырау» мекемесіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Смарт-Атырау» мекемесі директорының орынбасары Болат Халидолланың айтуы бойынша, қала сыртына баратын 31 қоғамдық көлік жұмысын жоспар бойынша жалғастырып жатыр. Ал 23 автобус әзірге жолға шыққан жоқ. Олар: №№50, 52, 53, 54, 55, 56, 58, 58А, 62, 62А, 64 бағыттағы қоғамдық көліктер.

Қазір қала ішінде 16 бағыт, ал қала сыртына 15 бағыт бойынша автобустар қатынайды. Жалпы, облыс бойынша 200 бірлік автобус бар.

Ал қала ішіндегі автобустар қалыпты жағдайда жолаушылар тасымалымен айналысып жатыр.