Атырауда қала маңы бағытындағы қоғамдық көліктер орталық көшелермен жүреді

Бұл туралы AtyrauPress "Смарт Атырау" КММ-не сілтеме жасап хабарлайды.

“Құрметті Атырау қаласының және қала маңы тұрғындары мен қонақтары! Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңы бағытындағы барлық қоғамдық көліктер қатынайтын елді мекенінің ішіне кіруге мүмкіндік жоқ екенін, яғни орталық көшелермен қызмет көрсетінін хабарлайды. Сонымен қатар № 56 "Дина базары - Алға ауылы" бағыты Атырау - Индер тас жолынын жабылуына байланысты тасымалдау қызметін көрсете алмайды” делінген хабарламада.