Атырауда қала күніне орай «Атырау-өнер өлкесі» атты концерт өтті

Қала күніне орай Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде «Атырау-өнер өлкесі» атты Индер ауданы өнерпаздарының концерті өтті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өз өнерін өңірдің 127 өнерпазы вокал, хореография, театр, көркем сөз бойынша көрсетті.

Мерекелік іс-шараның негізгі мақсаты - жас өнерпаздардың  шығармашылығына қолдау көрсету, оларды ұлттық рухта тәрбиелеу.

Сондай-ақ аудан, қалалардағы мәдениет үйлері мен клубтарда шыңдалып жүрген жас дарындарды елге таныту және қала халқына мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Салтанатты кеште Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов көрермендер мен өнерпаздарды қала күнімен құттықтады.

- Бүгін Индер ауданының өнерпаздары Атырау қаласының күніне орай мерекелік концертті тарту етіп отыр. Облысымызда 7 аудан болса, барлық аудан орталықтары мен кенттер Атырауға қарап бой түзейді. Ал бұл іс-шарадан өнерпаздар рухани тұрғыда тәжірибе алмасып, мәдени қызметкерлер өзара біліктілктерін арттыруға үлкен мүмкіндік алады. Индер ауданының атынан Атырау қаласы күнімен тағы да құттықтаймын! Қаламыз көркейіп, дами берсін, деді Д.Шамұратов.