Атырауда қала көшесінде мас күйде төбелес шығарған 5 азамат анықталды

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

16 қыркүйек сағат 23:55 шамасында Патрульдік Полиция қызметкерлері қызмет атқару кезінде 102-операторы арқылы Атырау қаласы, "Авангард-3" шағынауданында белгісіз ер адамдардың төбелесіп жатқандығы жөнінде хабарлама түскен.

Жедел басқару орталығының кезекші бөлімі жақын маңда жүрген Батыс-19, Батыс-30 экипаждарына бағыттама берген.

Хабарламаны анықтап тексеру барысында Атырау қаласының тұрғындары 1990, 1993, 1994, 2000, 1990 ж.т., азаматтар өзара келіспей, жаға-жыртысып төбелескені анықталды.

Полиция қызметкерлері мән-жайды анықтау мақсатында ҚПБ-на жеткізу кезінде 5- азамат Полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамай, қарсылық танытты.

Аталған азаматтар мас күйде болғандықтан медициналық сараптамадан өткізіліп, 5-азаматқа қатысты 667-баппен (Құқық қорғау органының заңды талабына бағынбау) және 434 бап (Қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті бұзу) әкімшілік хаттама жасақталып, іс-құжат мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.