Құтқарушылар 55 жастағы әйелді суицидтен аман алып қалды. Белгілі болғандай, ол психоневрологиялық есепте тұрады.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша,7 қыркүйек күні 16:29 сағатта Атырау қаласы, Г. Берғалиев көшесі №75 үйдің 5 қабатында тұратын пәтер тұрғынынан науқас анасы есікті құлыптап алғаны туралы хабар түсті. Әйелді құтқару үшін құтқарушылар сыртқы есікті бұзуға мәжбүр болды.
«Бізге ер азаматтың анасының есікті құлыптап алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына жеткен Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары есіктің ішінен құлыпталғанын және әйелдің бесінші қабаттағы пәтер терезесінен секіріп кеткісі келгенін анықтады. Құтқарушылар сыртқы темір есікті сындырып, ішке кірді. 55 жастағы әйелдің психоневрологиялық есепте тұрғаны анықталды. Әйел жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Зардап шеккендер жоқ. Құтқару шарасына 7 құтқарушы және 2 дана техника жұмылдырылды, делінген хабарламада.