Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Атырау қаласы аумағында есірткі заттарын заңсыз сақтаумен айналысқан азаматшаны анықтады.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Тергеу барысында оның 1998 ж.т. Өзбекстан Республикасының азаматшасы екендігі анықталып, жалдамалы пәтерін тінту кезінде ұнтақ тәрізді заты бар 2 полиэтилен пакет, өсімдік тектес қағаз түйіншек және синтетикалық есірткіні қолдануға арналған шыны құрылғылар табылып, тәркіленді. Атырау облысы бойынша сот сараптамалары Институты тәркіленген заттардың психотроптық заттар @-pvp және кептірілген марихуана екендігін анықтады.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК-нің 296 бабы 4 бөлігімен бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.