Атырауда президент сайлауы күні қоғамдық көліктер тегін қатынайды

Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"20 қарашада өтетiн Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы күнi Атырау қаласындағы қоғамдық көліктер халықты тегiн тасымалдайды. Тегін маршруттар қала ішіндегі және қала маңындағы барлық бағыт бойынша қатынайтын болады" делінген хабарламада.