Атырауда Президент резиденциясының орнында балаларды сауықтыру кешені ашылады

Бұл туралы AtyrauPress облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атырауда ресми қонақтарды күту нысанының орнына балаларға арналған демалу және сауықтыру кешенін ашу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қонақ күту объектілері балалардың қажеттіліктеріне беріледі. Осы тапсырма шеңберінде Атырау облысының мемлекеттік органдары балаларға қажетті мүмкіндіктерді зерделеп, зерттей бастады. Бұл нысан алдағы уақытта демалу және сауықтыру орталығына айналады. Сәйкесінше, мақсаты айқындалғаннан кейін қайта жабдықтау бойынша ұйымдастыру жұмыстары басталады. Сурет ашық дереккөздерден алынды.