Жаңа жыл түні Атырау облысында жедел ахуал тұрақты болды. Қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарды.
Жаңа жыл мерекесі кезеңінде мұнайлы өңірде полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді. Бұл азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етуге және қоғамдық тәртіптің өрескел бұзылуына жол бермеуге мүмкіндік берді.
Мерекелік түнде полицияға барлығы 249 шақырту түсті. Әрбір хабарлама бойынша полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел барып, тиісті шаралар қабылдады.
Қала көшелерінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу немесе бұзақылық фактілері тіркелген жоқ. Алайда мерекелік күні отбасылық тыныштықты бұзған 24 адам анықталып, олар тексеру жүргізу үшін полицияның аумақтық бөлімшелеріне жеткізілді.
Сонымен қатар, мереке күндері 28 ұсақ жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол-көлік оқиғалары салдарынан бес адам түрлі деңгейдегі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді.
Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда.