Жергілікті полиция шетелдік автокөліктерді басқару және тіркеу мәселері бойынша туындаған сұрақтарға байланысты ақпарат берді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
– Транзиттік мемлекеттік белгі тағып, көлік құралдарын басқару мәселелері бойынша көлік жүргізушілері назарына ұсынамыз, - дейді облыстық полиция департаментінің полиция майоры Жеңіс Дәулетов. – Қарапайым Жол жүрісі қағидаларыларының көлік құралын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерінде «Механикалық көлік құралдары мен тіркемелер «Транзит» тіркеу белгісінің қолданылу мерзімі ішінде не сатып алған немесе кедендік декларацияланған сәттен бастап 10 тәуліктен кешіктірмей ішкі істер органдарында тіркелуі тиіс» деп көрсетілген.
Сонымен қатар, заңға сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген автокөлік иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігі, яғни мемлекеттік тіркеу нөмері белгілері жоқ, пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқару бойынша жауапкершілік көзделген.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: ашық дереккөз