Атырауда полиция департаментінің қызметкерлерінің спартиакадасы өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атыраудағы Жайық спорт кешенінде Тәуелсіздік күніне орай спартиакада өтт. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі.хабарлады. Аталған іс-шара еліміздің Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отыр. Жарысқа 11 қоманда қатысып, спорттың 5 түрінен бақ сынады. Негізгі мақсат - үнемі қызмет бабында физикалық дайындықта болатын тәртіп сақшыларын одан әрі шыңдау және командалық іс-әрекетке, әріптестік қолдауға ықпал ету. Сайыс барысында полиция қызметкерлері кір көтеру, арқан тартыс сияқты күш жаттығуларында белсенділік танытты. Сондай-ақ қазақша күресте де тартысты ойын көрсетті.
- Тәуілсіздіктің 31 жылдығына орай ұйымдастырылған спорттық шарада 100-ге жуық сала мамандары қатысты. Бүгін жылдың үздік мамандарын анықтап марапаттадық. Мақсат – командалық рухты көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау. Биыл алғашқы рет «департамент барысы» атты қазақша күрес өтіп отыр,- деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Кушкалиев.
Жарыстың нәтижесі бойынша, 1 орынға қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімі ие болды. Ал 2 орынды аудандық тергеу бөлімшелерінен құралған команда иеленсе, 3 орынды Полиция департаментінің тергеу және анықтау басқармасы алды.
Ал кіші аяқ доп бойынша 1 орынды №2 қалалық полиция бөлімі, 2 орынды қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімі, 3 орынды Полиция департаментінің тергеу және анықтау басқармасы өзара бөлісті.
Сондай-ақ «Департамент барасы» атағын арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бөлім бастығы полиция капитаны Серік Ерғазиев жеңіп алды.
Айта кетейік, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бұл спартакиада биыл да жалғасын тауып отыр.