Атырауда полицейлердің Telegram желісіндегі жұмыс чатына 5 мыңнан астам адам тіркелді

 Арнайы ашылған Telegram желісіндегі жұмыс тобы 100-ден астам азаматтың өтінішін қабылдады, деп хабарлайды AtyrauPress. 

Telegram желісіндегі Азаматтық патруль арнайы чаты ашылғалы 5600-ден аса желі қолданушылары тіркелді. Жұмыс чатына келіп түскен 108-ден астам өтініш қабылданып,  тиісті заңды шаралары қолданылды. Арнайы чатта күнделікті облыс аумағындағы тасжолдардағы, қала аумағындағы көшелердегі жол ережесінің сақталмауы, басып озу, авариялық жағдай туғызған жағдайлар, жол белгісінің сақталмауы секілді түрлі құқықбұзушылықтар тіркеліп, уақытылы жауап беріледі. Сондай-ақ, түнгі уақыттағы жасөспірімдердің ата-ана қарауын жүрген деректері де жөнелтілуде. Қала аумағындағы жол белгілері қажет ететін мекен-жайлар туралы ақпараттар да Әкімшілік полиция басқармасының назарында. 

Мәселен, жолдың қарсы бағытыны шығып, басып озған 7 көлік құралы дер кезінде тоқтатылып, ҚР ӘҚБтК 596-бабы 3-бөлігіне сәйкес жауапкершілікке тартылса, авариялық жағдай туғызған 9 автокөлікке ҚР ӘҚБтК 606-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. 

Айта кетейік, Азаматтық патруль - әлеуметтік желіде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі азаматтық бастамаларға негізделген арнайы чат жұмысы жүргізіледі. Мақсат - жол қозғалысындағы қауіпсіздік үшін жолдағы тәртіпті күшейту. Telegram желісі үнемі полицейлердің бақылауында болады. Мұнда жол қозғалысына қатысты орын алған кез-келген заң бұзушылық назардан тыс қалмайды, заң аясында шарасы қолданылады.

Тіркелушілерден жол ережесін бұзған деректің фото-бейне жазбасы мен ақпараттары болса жеткілікті.