Жайық өзенінде полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған қайық жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 шілде күні сағат 23:15 шамасында Атырау қаласы, Жайық өзенінің Тұрғын үй қалашығы шағынауданындағы көпір тұсында қайық жүргізушісі түнгі тыныштықты бұзғаны үшін тоқтатылған.
Оның жеке басын анықтау үшін құжаттарын сұрау кезінде полиция қызметкерлерінің бірнеше мәрте қойған талаптары мен ескертуіне қарамастан заңға бағынуға түбегейлі бас тартқан.
Мұнан соң тәртіп сақшылары тарапынан ол азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 667 бабы 1 бөлігімен әкімішілік хаттама жасақтап, Атырау қаласының әкімшілік мамандандырылған сотына жолданды.
Заңға бағынбаған азаматтың іс-әрекеті іс материалдар және бейнежазбамен толықтай өз дәлелін тауып, мамандандырылған соттың шешімімен 2 тәулік мерзімге әкімішілік қамаққа алынды.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА