Атырауда пойыз жолаушыларды тегін тасымақ

«ҚТЖ» ҰК АҚ Құлсары-Атырау бағытындағы бес вагондық пойызы тегін қатынайды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ааудан әкімдігінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, аталған бағыттағы пойыз ертең, яғни, 5 сәуір күні сағат 10:30-да Құлсары станциясынан Атырауға жүретін болса, 19:00-де Атыраудан Құлсарыға жүретін болады. Сондай-ақ, жолаушының сұранысы негізінде, жолсерікке алдын ала ескерту арқылы Шоқпартоғай және Мақат станцияларына тоқтайтын болады.

"Алдағы уақытта су кері қайтпаса, тегін пойыз қатынасы тағы созылуы мүмкін" делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ