Оқиға 11 шілдеде Атырау қаласының Рауан көшесіндегі теміржол өткелінде орын алды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, соқтығысу салдарынан 2 адам зардап шекті.
«Атырау қаласындағы Рауан көшесінде сағат 14:00 шамасында жүк пойызы мен жолаушылар тасмалдайтын қоғамдық көлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасына жолаушы тасымалдайтын Youtoung маркалы автобустың темір жол бойындағы қорғалмаған аумақпен жүргені себеп болған», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Оқиға орнына «103» бригадасы дереу жіберілді. Зардап шеккен екі адамға медициналық көмек көрсетілді. Олар түрлі жарақаттармен Атырау облыстық ауруханасының жарақат бөліміне жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА