Атырауда пияз қымбаттады

Еліміздің пияз екі есе қымбаттаған тоғыз қаласының қатарында Атырау да бар, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Мамандардың айтуынша, пияз бағасы соңғы бір жылда 87%-ға өскен. Қымбаттағаны соншалық, тіпті, құны қалықтап кеткен қантты да 60%-ға басып озыпты. Ал, кей жерлерде ащы тағам тұрақты қорлар арқылы да сатылып жатыр.

Атырауға келсек, тұрғындар аталған көкөністің қымбаттағанын бір апта бойы байқаған.

"Қазір азық-түліктің қай түрі де қымбаттап бара жатыр. Әсіресе, сұранысы жоғары тағамдардың бағасы аспандап тұр. Мәселен, қарапайым пияз өзіміздің Атырауда өседі және қоры да көп. Бірақ, соған қарамастан тап ертең таусылып қалатындай қымбатқа сатылып отыр. Меніңше, қымбатшылықты жоюға тұрғындар да атсалыс алады. Бұл үшін қымбат тауарды алмау керек. Сонда оған сұраныс та төмендейді" дейді атыраулық тұрғын Сәуле Мағауқызы.

Жалпы алғанда, пияз елдің тоғыз қаласында екі есе қымбаттағаны тіркеліп отыр.