27 «Желтоқсан», 2022 222

Атырауда пиротехникалық бұйымды қолданған азамат анықталды (видео)

 Атырауда пиротехникалық бұйымды қолданған азамат анықталды (видео)

Бұл туралы облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау қалалық Жедел Басқару  Орталығының қызметкерлері қызмет барысында Вокзал маңында белгісіз тұлғалардың пиротехникалық бұйымдарды қолданып жатқанын байқап, лезде учаскелік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Оқиға орнына жедел түрде жеткен учаскелік полиция қызметкерлері белгіленбеген жерде пиротехникалық бұйымды қолданған 2003 жылы туған азаматты анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 436 бабының 2 бөлігімен (Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану) хаттама жасақталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, пиротехникалық бұйымдарды заңсыз әкелу, сақтау, сату және пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында  25 желтоқсанда Атырау қаласы аумағында "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында өңір тұрғындары мерекелік көніл-күй құруға тырысып, пиротехникаларды пайдаланып, отшашулар жасайды. Осыған байланысты, тәртіп сақшылары тұрғындарға сапасыз және сертификатталмаған пиротехниканы пайдалану өртке немесе жарақат алуға және мертігуге әкеп соқтыруы мүмкін екендігін айтады.

Осы ретте, полицейлер қауіпсіздік мақсатында пиротехникалық бұйымдарды тек оны сату үшін арнайы бөлінген орындарда және тек сертификатталған пиротехникалық өнімдерді сатып алу қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандарға пиротехникалық бұйымдарды сатуға тыйым салынатындығын еске салады.