Атырауда перзентхана модульді ауруханаға көшеді

Осы айдың 22-нен бастап босанғалы отырған және жүкті әйелдерді 2020 жылы коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеу үшін ашылған жұқпалы модульді ауруханадақабылдайтын болады.

Облыстық перинаталды орталықтың баспасөз қызметі хабарлағандай, Атырау облыстық перинаталды орталығының бес қабатты ғимаратында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 21 қазаннан бастап науқастарды қабылдау тоқтатылады.

Бұл күні жүкті және босанғалы отырған әйелдерді «Алмагүл» шағынауданында орналасқан қалалық перзентханада қабылдайды. Ал 22 қазаннан бастап «Черная речкада» орналасқан модульді ауруханада қабылдай бастайды.

Ал күндізгі стационар, орталықтың әкімшілік құрамы мен оңалту бөлімі әдеттегідей облыстық перинаталды орталықтың ғимаратында қалады. Күрделі жөндеу жұмыстарының мерзімі әзірге белгісіз деп хабарлады баспасөз қызметі.