Атырауда перинаталды орталық салынбақ

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon. kz.

Қазақстанда сегіз перинаталды орталық салынбақшы Қазақстанда сегіз перинаталды орталық салынбақшы. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жүкті әйелдер мен балаларға кешенді, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету мақсатында заманауи 8 перинаталдық орталық салуды ұсынып отырғанын айтты.  Оларды Нұр-Сұлтан, Қостанай, Жезқазған, Атырау, Орал, Шымкент, Сарыағаш қалаларында және Түркістан облысының Ордабасы ауданында салу ұсынылады. Бұл ретте ол жергілікті атқарушы органдарға балалар ауруханалары мен перзентханаларды ағымдағы және күрделі жөндеуді, материалдық-техникалық жарақтандыру және кадрлармен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, тәуелсіз төлеушілер үшін МӘМС жүйесіне кіру жарналарын 12 айға алдын ала төлеу механизмі енгізіледі. Бұл халықты әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кеңінен тартуға мүмкіндік береді.

— Денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру деңгейін арттыру үшін Цифрлық даму, инновациялар және инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, цифрлық денсаулық сақтау нысандарына техникалық қызмет көрсету және біріктіру бойынша бірыңғай оператор анықталады, денсаулық сақтаудың жаңа электрондық экожүйесіне көшу, және интеграциялану қамтамасыз етіледі, цифрлық денсаулық сақтау нысандары ашылады, – деді Ғиният.