Атырау қаласының өрт сөндірушілері өрт кезінде 14 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды ATPress.kz.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Оқиға 15 тамыз күні болған.
Баспасөз хабарламасы:
Сағат 13.44-те Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі, 23 үй мекенжайында пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жеткен кезде, 5-ші қабаттағы 12 шаршы метрлік пәтерде үй заттары, жиһаз және тұрмыстық техника жанып жатқаны анықталды.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен баспалдақ маршы бойынша подъездің пәтерлерінен 14 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды.
Сағат 14.08-де өрт сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі-электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
Өрт сөндіруге Атырау облысы ТЖД 6 қызметкері, 2 бірлік техникасы жұмылдырылды.