Оқиға 25 шілде күні сағат 19:30 шамасында болған, деп хабарлайды ATPress.kz.
Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«25 шілде күні сағат 19:30 шамасында Атырау қаласының 1958 жылы туған тұрғыны өзінің 1992 жылы туған қызының пәтер есігін ашпай жатқаны туралы хабарлаған. Аталған хабарлама бойынша төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері есікті ашып, пәтер ішінен 1992 жылы туған әйел мен 1996 жылы туған ер адамның мүрдесі анықталды.
Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99 бабы 1 бөлігімен тергеу жүргізілуде» делінген ресми ақпаратта.
Қайтыс болған азаматтар ерлі-зайыптылар екен. 4 балалары бар. Аталған пәтерді 1992 жылы туған азаматша бір ай бұрын жалға алған.