03 Қыркүйек, 2022 301

Атырауда өзенге құлап кеткен 3 жастағы бала құтқарылды

 Атырауда өзенге құлап кеткен 3 жастағы бала құтқарылды

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ATPress. kz.

Атырау қаласында 2 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында Атырау қаласы, Орталық дене шынықтыру кешені тұсында Жайық өзеніне батып бара жатқан баласын әкесі өзі құтқармақ болған, кейін шағын қайықпен жанынан өтіп бара жатқан 16 жастағы Евгений Русаков есімді бозбала дереу көмекке келген.

Жайық өзенінде белгісіз адам мен жасөспірім баланың көмек сұраған дауысын естіп стационарлық бекетте қызмет атқарып тұрған Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері полиция лейтенанты Ақжол Қибатоллаев және полиция аға лейтенанты Бердібек Хабибуллаев келген.

Кейін полицейлер жағалауға шығарып,1992 ж. т азамат пен оның 2019 ж. т ұлына жедел жәрдем шақыртылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Ал өзенде адам тасымалдаудың қауіпсіздігін қадағаламаған тұлғаларға қатысты іс-құжаттар жинақталып жатыр.