26 Шілде, 2022 553

Атырауда өткен тәулікте 64 адамнан COVID-19 анықталды

 Атырауда өткен тәулікте 64 адамнан COVID-19 анықталды

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде 64 адамнан COVID-19 анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында - 53, Жылыой ауданында - 7, Махамбет ауданы - 2, Құрманғазы және Қызылқоға аудандарында 1 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 53 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 11 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 8 адам емделді.

Қазір 541 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 56, аудандық инфекциялық стационарларда - 14 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.

 

Фото ашық дереккөздерден алынды