Өрт сөндірушілер өрт кезінде 6 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды.
Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті. 2023 жылғы 24 қаңтарда сағат 17:24-те Атырау қаласы № 18 мекен-жайында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің 2-қабатынан өрт шыққаны жатырғаны жөнінде шақырту түсті. Өрт сөндіру бөлімдері жеткен кезде, 2-қабаттағы пәтердің 30 шаршы метр аумақта ашық отпен жанып жатқаны анықталды (жатын және ас үй бөлмелері, жиһаздар мен Тұрмыстық техникалар жануы орын алды) Атырау облысы ТЖД өрт сөндірушілері автосатырдың көмегімен және баспалдақ арқылы 5 қабаттан жедел түрде 6 адамды оның ішінде 4 баланы құтқарды. Өрт салдарынан 1969 ж.т пәтер иесі азаматша К.Б. және 1964 ж. т. азаматша К.Ж. күйік алып, облыстық ауруханаға жатқызылды. (дене күйіктері нақтылануда). Өрт сағат 17:44-те жойылды. Өрт сөндірушілер өртті жедел ауыздықтап, көрші пәтерлерге өрттің таралуына жол бермеді. Өрттің себебі анықталуда. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 8 қызметкері мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды. Құрметті Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары! Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады! Тұрмыстық техникалар мен электр құралдарын қосулы күйде қалдырмаңыздар! Сақ болыңыз!