Бұл туралы Атырауда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновамен болған брифингте сөз болды, деп хабарлайды ATPress.kz.
Атырау облысына іссапармен келген министрге жергілікті журналистердің бірі тосын сұрақ қойды.
- Сіз әңгімеңізде Атырау облысы халқының орташа жалақысы 478 мың теңгені құрайтынын айтып қалдыңыз. Біз журналист ретінде халықтан жиі сауалнама алып тұрамыз және онда мұнайлы аймақ тұрғындарының дені бұндай табыс алмайтындықтарын айтады. Кешіріңіз, сіз бұл сөзіңізбен халықтың наразылығын тудырып аламын деп қорықпайсыз ба?, - деді тілші төтесінен.
- Мен бұл ақпаратты ресми статистикаға ғана сүйеніп айтамын. Егер шынымен орташа жалақы көлеміне қатысты келіспеушілік болса, онда сіз бен біз бұл сауалды Қазақстанның ұлттық статистика бюросына жолдауымыз қажет. Және бір нәрсені түсінген жөн. Орташа жалақы мөлшері дегеніміз оны барлық халық алады деген сөз емес. Біреу одан кем, бірі артық алуы мүмкін. Біз сол аралықтағы орташа табысты ғана айтамыз, - деді министр.